Қытай Халық банкі Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банкті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"30 қыркүйекте Қытай Халық банкі "Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағындағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк деп белгілеу туралы шешім қабылдады", – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Қазақстандық реттеуші түсіндіргендей, бұл шешім 20 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында қабылданды.
"Юаньмен операциялар бойынша клирингтік инфрақұрылымды дамыту – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды кезеңі. Клирингтік Банктің қызметі ұлттық валютадағы есеп айырысуларға жаңа серпін береді, өзара сауда және инвестициялық қызметтің дамуына ықпал етеді", – деп есептейді Қазақстандық Ұлттық Банк.