Қытай импортталатын тауарлардың тариф мөлшерлемесін төмендетті

856

Тіпті кейбіреуінен бұл міндеттемені алып тастады.

Қытай импортталатын тауарлардың тариф мөлшерлемесін төмендетті

Қытай 1 қаңтардан бастап кеден арқылы импортталатын тауарлардың тариф мөлшерлемесін төмендетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Тіпті кейбіреуінен бұл міндеттемені алып тастады. Осылайша 850 өнімге, оның ішінде мұздатылған өнімге де жеңілдік қарастырылған. Мұндай бастама басқа елдермен сауданы кеңейтуге бағытталған.

Сондай-ақ, Қытай 1 шілдеден бастап, 180 өнімнің тарифтік мөлшерлемесін өзгертуді жоспарлап отыр.

"Қазір біз ұшақтарға арналған бөлшектерді қарастырып жатырмыз. Сапа мен қауіпсіздікті тексереміз. Олар бойынша импорт мөлшері 8-ден 4 пайызға дейін төмендетілді",– дейді кеден қызметінің өкілі Ю Кевей. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу