Қытай интернетке инвестиция құю үшін 14,5 млрд долларлық қор құрды

938

Қытай интернетке инвестиция құю үшін 14,5 млрд долларлық қор құрды

ҚХР үкіметі интернет-коммуникацияға инвестиция құю мақсатымен  активінің көлемі 100 млрд юаньді (14,5 млрд доллар) құрайтын  қор құратындығын мәлімдеді.  Осыған орай ҚХР астанасында жаңа қаржы ұйымын құру салтанаты өтті, деп хабарлайды ТАСС.

Шараға Қытайдың қаржы министрлігі, елдің желілік кеңістігіне бақылау жасайтын мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты. Құрылтайшылар қатарында Қытайдың өнеркәсіп-сауда банкі, жетекші мобильдік операторлар, шағын инвестициялық банктер бар.

Болжам бойынша,  жаңа қордың қызметінің арқасында қытай провайдерлері, сондай-ақ интернет қызметімен айналысатын компаниялар мұқтаж капиталға ие болады. ҚХР-да жаңа ұйым негізінде нарықтық даму талаптарына жауап беретін жоғары дамыған қауіпсіз интернет құру көзделіп отыр.

Бұдан бұрын ҚХР-дың даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитеті ел үкіметі цифрлық экономика секторының дамуын ынталандыру мақсатында желілік инфрақұрылымға 1,2 трлн юань (170 млрд доллар) құюды көздеп отырғанын мәлімдеген еді. Осының нәтижесінде 2018  жылға қарай елдің барлық қаласы мен кенттердің  80 пайызы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.  Қытайдың халықаралық мәліметтермен алмасу саласын кеңейту мақсатындағы магистральдық қосылуларының саны қазіргі 80-нен 120-ға дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу