Қытай инвесторлары Қазақстанда сабан өңдеу зауытын салады

1376

Қытай инвесторлары Қазақстанда сабан өңдеу зауытын салады

Бүгін Бейжіңде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен CITIC Geyi Biorefineries Co., Ltd. компаниясы арасында өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады naryk.kz

Құжат Қазақстанда сабанды қайта өңдейтін және одан қағаз, сұйық органикалық тыңайтқыштар, биогаз және өзге де өнімдер өндіретін зауыт құрылысына қатысты жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыру жоспарына негіз салу мақсатын тұтады.

Қазақстандық тараптан құжатқа ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қол қойды. Ал CITIC Geyi Biorefineries Co., Ltd-ның директорлар кеңесі атынан қолды компанияның негізгі инвесторы, макаоның белді инвесторы Дэвид Чоу қойды.

Келісім Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына сапары барысында жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу