ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың төрағалығымен көмір-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес жұмысына жетекші көмір кәсіпорындарының басшылары: "CHN Energy Development Co. Limited" өкілдігі, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Qarmet" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, сондай-ақ "QazaqGaz" Ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС, "Еуразиялық топ" ЖШС және "Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы" қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кеңес барысында қатысушылар өзекті мәселелерді қарастырып, саланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын ұсынды, сондай-ақ ірі компанияларының "CHN Energy Development Co. Limited" көмір-химия кешенін салу бойынша және Shandong Energy Group көмірден газ өндіру жобалары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша көмір химиясын дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамы жаңартылып, қытайлық инвесторлармен бірлескен нақты жобалар мен көмір разрездері айқындалды.
Сондай-ақ саланың дамуын тежеп тұрған факторларды жүйелі шешу бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді.