Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады

1453

Инфекция анықталған елдерден келген 992 адам қазір біздің елде карантинде жатыр.  

Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады

8-ші наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тіпті осы мемлекеттерден келетін транзиттік жолаушылардың кіруіне де шектеу енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі хабарлады.

Берік Қамалиевтің айтуынша, шешімді Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия короновирустің тарауын болдырмау үшін қабылдаған. Сонымен бірге, Құрық және Ақтау порттары Иран мен Әзербайжаннан автопаромдарды уақытша қабылдамайды. Бірақ бұл шектеудің жүк тасымалына қатысы жоқ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта коронавирустен қаза тапқандардың саны 3 мың 301-ге жетті. Індетті жұқтырғандардың саны 96 мың 276 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу