Industrial and Commercial Bank, Bank of Communications, Bank of China, Agricultural Bank of China және China Construction Bank өткен жылғы таза пайданың өсімі туралы хабарлады.
Agricultural Bank of China және China Construction Bank-інің таза табысы 2022 жылы 7%-дан астамға, Bank of Communications пен Bank of China көрсеткіші 5%-дан астамға артты. Активтері бойынша әлемдегі ең ірі банк Industrial & Commercial Bank (ICBC) кірісінің 3,5%-ға өскенін жариялады.
Сондай-ақ, барлық банктер өз портфелдерінде мерзімі өткен несиелер үлесінің төмендегенін көрсетті.
Көрсеткіштердің жоғары болуына қарамастан, барлық бес банк ішкі және сыртқы тәуекелдер туралы ескертті, деп хабарлайды Asia Financial.
Атап айтқанда, олар бірқатар дефолттардан кейін ғана қалпына келе жатқан Қытайдың жылжымайтын мүлік секторының мәселелерімен мен таза пайыздық кірістің азаю қаупіне тоқталды.