Қытай қағаз ақшадан мүлде бас тартуы мүмкін

1196

Қытай қағаз ақшадан мүлде бас тартуы мүмкін

Қытай алдағы 10 жылда қағаз ақшадан мүлде бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Қытайда халықтың басым бөлігі электронды төлем түріне көшкен. Мәселен, былтыр тұрғындар телефон қосымшасы арқылы 5,5 млрд доллардың қаржылық операциясын жүргізген. Осылайша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшкен тұтынушылар саны 500 млн-ға жетіпті. Қазір көрші елдегі ірі қалалардың кез келген тұрғыны төлемді өз смартфоны арқылы жүзеге асырады.

Әлемде алғаш рет қағаз ақшаны қолданысқа енгізген қытайлықтар. Енді жаһанда сол қағаз ақшадан бірінші болып бас тартатын да осы ел болуы мүмкін. Қазір мұнда жұрт жаппай электронды төлем жүйесін пайдаланады.

Қытайдың Tencent телекоммуникациялық компаниясы жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша, қазір халықтың 14%-ы қалтасына ақша салмай шығады. Ал сауалнамаға қатысқандардың 84%-ы одан мүлде бас тартуға дайын екендерін айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу