Транзит Қытайдан Қазақстан, Ресей аумағы арқылы өтіп, Еуропаға бағытталады.
“Ұзындығы 701 шақырым "Қалбатау – Павлодар – Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі (Омбы)" учаскесін реконструкциялау 2016 жылы аяқталған болатын. Қазіргі уақытта "Қытай Халық Республикасы шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау" учаскесін реконструкциялау жүргізіліп жатыр (II техникалық санат, 415 шақырым, қарқындылығы тәулігіне 3500 автокөлік). Жұмыстар 2023 жылы аяқталады”, - деп сендіреді министр.
Халық жолды жөндеу жұмысы тым ұзаққа созылып бара жатқанына наразы. Үш жыл болды.
Жуықта үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр “жол сапасы мен қаражатты жұмсау бойынша мәселе бар, “Омбы-Майқапшағай" жолын жөндеуші компаниялар құқық қорғау органдарының назарына ілінді", - деп мәлімдеген.
Ағымдағы жылы автожол саласындағы жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінді. Жалпы пайдаланымдағы автожолдардың
11 мың 500 шақырымында құрылыс, реконструкция және жөндеу жүргізілуде.