Қытай қаржы институттарының активтері 10,3%-ға өсті

Бұл екінші тоқсанда тіркелген көрсеткіш. 

Қытай қаржы институттарының активтері 10,3%-ға өсті Фото: Silkroadnews

Қытайдың қаржы институттарының жалпы активтері екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 449,21 трлн юаньды (62,58 трлн доллар) құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан тілшісі Қытай Халық банкіне сілтеме жасап. 

Бұл былтырғы осы кезеңнен 10,3%-ға жоғары.
Соның ішінде банк секторының активтері 10,5%-ға өсті. Бағалы қағаздармен жұмыс істейтін компаниялар үшін бұл көрсеткіш 5%-ға артты.

Сақтандыру секторы активтері 9,6%-ға - 29,2 трлн юаньға дейін өскен. Елдің қаржы институттары міндеттемелерінің жалпы көлемі бір жыл ішінде 10,6%-ға артып, маусымның соңында 410,48 трлн юанды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу