Шанхай ынтымақтастық ұйымының павильонында Қытай кәсіпкерлері мен балалар үйі, аз қамтылған отбасылардың балалары кездесті. Бұл күні қайырымдылық аптасы басталған болатын, оның аясында күн сайын 20 отбасы ЭКСПО-ға барып, мектепке қажетті құрал-жабдықтарға ие болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының "Қытайдың мейірімді жүрегі" қайырымдылық акциясы ШЫҰ павильоны шаралары аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде өтіп жатыр. Аталмыш шараның басты ұйымдастырушысы G-Global, "EXPO-Women" халықаралық ұйымы мен ШЫҰ ұйымдастыру комитеті.
Акция аясында Қытайдың іскер әйелдері ШЫҰ мен G-Global ұйымдастырушы комитетімен бірігіп ШЫҰ елдерінің бірлескен қайырымдылық акциясын өзара достықты дамыту мақсатымен жүзеге асырып отыр.
"Бүгінгі таңда ШЫҰ елдеріне мүше халықтар қайырымдылық акциясын өткізетін бастаған қозғалыс бар. Аталмыш акция аясында, сондай-ақ, "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында онкологиялық диспансерде орналасқан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша шаралар өткіземіз. Балалар үшін арнайы бағдарлама әзірленді, ЭКСПО аймағы бойынша экскурсия өткізіліп, ыстық тамақ беріліп, мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Аталмыш шара бір апатаға созылады, осы уақыта аралығында 125 баланы қуантамыз. Шараға Қазақстан мен Қытайдың іскер әйелдері белсенді қатысып жатыр. Бүгін Қытайдан 25 әйел кәсіпкер келді. Біз Қазақстан атынан оларға алғысымызды айтамыз", - деді G-Global халықаралық хатшылығының төрағасы Серік Нөгербеков.
Ол айтып өткендей, 2019 жылы Қытайдағы ЭКСПО-да аталмыш акция өткізілуде, оған Қазақстан кәсіпкерлері жіберіледі.
Өз кезегінде, "Yufit" Қытай ғылыми-техникалық компаниясының бас директоры Лин Вэй Цзянь айтып өткендей, ШЫҰ елдерінің бірлескен қайырымдылық акциясы "Бір белдеу, бір жол" жобасына жетелейтін елдер болашағының кепілі.
""Yufit" компаниясы бүгінгі шараға қатысып жатқандығы қуантады. Бірлескен қайырымдылық адамзаттың бейбіт дамуына септігін тигізеді. Аталмыш шараға өзіміздің үлесімізді қосып жатқаны қуантады. Біздің компания Жібек Жолы елдерінің халықаралық қорына 10 млн теңге бөлді. Біз Қазақстан балаларына көмек көрсетуді жалғастырып, достықтың жалғасуына үміттіміз", - деді Лин Вэй Цзянь.