Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының дерегінше, Қазақстан тарапының деректері бойынша тауар айналымының көлемі 19,7 млрд. доллар.
"Ал Қытайдың деректері бойынша – 25,6 млрд. доллар, алшақтық - 5,9 млрд. ҚХР деректерін ұлғайту жағына (23,2%). Қазақстанның Қытайға экспорты – 11,1 млрд.долларды құрайды. Ал, елімізден ҚХР-на импорт – 12,6 млрд., алшақтық – 1,5 млрд.доллар (12,1%)" дейді Данияр Жанәлінов.
Аталған мерзімде Қазақстан Қытайдан - 8,6 млрд.долларға тауар импорттаған. Ал, Қытайдың Қазақстанға экспорты - 13,0 млрд.долларды құрады. Мұндағы көрсеткіштер алшақтығы - 4,4 млрд.долларды (33,9%) құрап отыр. Дегенмен, былтырмен салыстырғанда бұл алшақтық 7% көлемінде төмендеген.
Жалпы, Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестерінің арасындағы айналымның жалпы көлемі бойынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда, 22,4%-бен 1-орын алады. Ал, Қытайдың сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі Қазақстан үлесі 0,5% құрайды.