Қытай-Қазақстан- Түркіменстан- Иран бағдарында теміржол тасымалы артады

814

Қытай-Қазақстан- Түркіменстан- Иран бағдарында теміржол тасымалы артады

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Қазақстан, Қытай, Иран, Түркіменстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің төрт жақты кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қытай-Қазақстан- Түркменстан- Иран (ҚҚТИ) бағдарында жүк тасымалын бәсекеге қабілетті ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар ҚҚТИ халықаралық транзиттік дәліз әлеуетінің мүмкіндігін қарастыра келіп, аталмыш бағдарда тұрақты контейнерлік тасымалды тұрақты ұйымдастыру мәселесін  қозғады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті С. Елубаев контейнерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, тұрақты контейнер ағымын ұйымдастыру, жүк базасының тапсырыс берушілерінің жұмысын ұйымдастыру, ҚҚТИ бағдары аумағында бекітілген тарифтік мөлшерлеме қолдану жайы туралы әңгімеледі.

Тараптар ҚҚТИ контейнерлік пойыздарды ұйымдастырудың жауапты операторларын белгіледі. Төртжақты кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Астанаға келген қонақтар көліктік-логистикалық орталық, "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешені қызметімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу