Қытай үкіметі қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 155 білім грантын ұсынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, грант мына шығындарды жабуды көздейді:
- тегін оқыту;
- ай сайынғы стипендия: бакалавриат – 2500 юань (161 мың теңге), магистратура-3000 юань (193 мың теңге), , докторантура - 3500 юань (225 мың теңге);
- жатақханада тұру;
- медициналық сақтандыру.
Ал қалған шығындарды грант иегері өз бетінше өтейді.
Сонымен қатар, Қытайдың үздік жоғары оқу орындарының тізіміне Zhejiang University, University of Science and technology of China, Fudan University, Peking University, Tsinghua University және басқа да көптеген жоғары оқу орындары кіреді.
Сондай-ақ, аталған жоғары оқу орындары QS World University Rankings, Times Higher Education халықаралық рейтингтерінде көшбасшы орындарға ие. Онда сәулет, азаматтық инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардан бастап барлық бағыттар бойынша білім алуға болады.
"Қытайға 2024 жылғы 20 ақпанға дейін (қоса алғанда) "Электрондық Үкімет" порталы арқылы жүргізіледі (Egov.kz немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" офисінде офлайн (Астана қ., Сығанақ 70). Қытайға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылғы 20 ақпанға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс.
Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сайтында танысуға болады", - делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хабарламасында.