Қытай Қазақстанға бір айда 117,2 миллион долларға смартфон сатқан

801

Қытай Қазақстанға бір айда 117,2 миллион долларға смартфон сатқан

Елімізге импортталған телефондардың жалпы құны 190 млн долларға жуықтады, деп хабарлайды Atameken Business  телеарнасы.

Бұл осы жылдың алғашқы 3 айындағы ғана көрсеткіш. Мұны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, 8,6%-ға жоғары екенін байқаймыз.

Байланыс құралдарының ең көп көлемі Қытайда жасалған. Осылайша, Қытай Қазақстанға бір айда 117,2 млн долларға смартфон сатқан. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 15,7%-ға артқан. Сондай-ақ, Вьетнамнан импортталған смартфондардың жалпы құны  46,6 млн долларды құрап, 1 пайыз өсім көрсетті. Ал Ресейден - 9,3 млн долларға, АҚШ-тан - 2 жарым млн долларға, Австрия, Эстония және Малайзиядан 1 жарым млн долларға телефон жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу