Қытай Қазақстанға қайтарымсыз 7,5 миллиард теңге береді

423

Қайтарымсыз грант ғарыш саласын дамытуға бағытталады.  

Қытай Қазақстанға қайтарымсыз 7,5 миллиард теңге береді Фото: www.globaltimes.cn

Қытай Қазақстанға қазіргі бағам бойынша 100 миллион юань, яғни 7,5 миллиард теңге көлемінде өтеусіз грант береді.

Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында келісімге қол қойылған болатын. Бұл құжатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады.

"Келісім-шарт талаптарына сәйкес Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады", – деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу