Қытай Қазақстаннан ұн сатып алу көлемін арттырды

528

Аспан асты елі бағытында астық көлемі төмендеген. 

Қытай Қазақстаннан ұн сатып алу көлемін арттырды Фото: World of NAN

2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн мың тонна астық тасымалданып, 45 пайызға өсті. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа және 3 млн тонна республика бойынша жеткізілді. 

"Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен,  азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың нәтижесінде мүмкін болды", – деді министр.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. 

Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов астық кептіру үшін қосымша сұйытылған газ бен дизель отынын бөлуді тапсырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу