Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды уақытша тоқтатты

304

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды уақытша тоқтатты Фото: inbusiness.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қытай Қазақстаннан теміржол көлігімен жүк қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады. 

"Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамауда. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Жүк және контейнерлік пойыздар күтуге көшкен. 12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылды, күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге:  15-тен 3 құрамға дейін төмендеді.

"Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды", - делінген хабарламада.

ҚТЖ 12 желтоқсанда ҚХР теміржол өкілдерімен жүктерді қабылдауды қайта бастау туралы шұғыл кеңес өткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу