Atameken Business телеарнасының Түскі формат бағдарламасына келген Ақпаратты қорғау құралдарын енгізу басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Әсем Мәденованың сөзінше, жыл басынан бері, яғни 9 айда интернетке қол жеткізудің шлюзіне 1 млн 100 мыңнан астам шабуыл жасалған. Банктерге қолсұғу фактілері бұл статистикаға кірмейді.
Естеріңізде болса, қыркүйектің 9-ы күні еліміздің ақпараттық жүйесіне Қытай тарапынан шабуыл жасалды деген ақпарат таралған еді. Рейтерс агенттігі "хакерлердің мақсаты – Қазақстан арқылы Ұйғыр туристерін бақылау" деп жазған. Алайда Қытайдың сыртқы істер министрлігі "кибершабуылға еш қатысымыз жоқ" деп мәлімдеген болатын.