Қытай Қазақстанның Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру идеясын қолдады

872

Іс-шарада бейнебайланыс арқылы мәлімдеме жасаған Қытайдың СІМ басшысы қарусыздану және таратпау саласындағы мәселелерге қатысты Бейжіңнің ұстанымымен таныстырды.  

Қытай Қазақстанның Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру идеясын қолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына Қарусыздану жөніндегі конференция аясында ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И қолдау білдірді, деп inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орын алған пікір алмасу барысында Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова қытай тарапына қазақстандық бастамаға қолдау білдіргені үшін ризашылық білдіріп, бүгінгі жағдайда оның ерекше өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған бастамаға қатысты тұжырымдамалық хат мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары арасында таратылғанын хабарлап, оны мүдделі делегациялармен егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендігін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу