Қытай КХДР-дан импортты тоқтату туралы шешім қабылдады

1009

Қытай КХДР-дан импортты тоқтату туралы шешім қабылдады

Қытай халық республикасы коммерция министрлігінің бас кеден басқармасы 14 тамыз күні хабарландыру жасап, Солтүстік Кореядан келетін көмір, темір, қорғасын сияқты тағы басқа кен және теңіз өнімдерін импорттауды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2371 қаулысына сәйкес, ҚХР 15 тамыздан бастап КХДР-дан көмір, темір және темір рудасы, қорғасын және қорғасын рудасы, су және теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін белгілі болғандай БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Корей халықтық демократиялық республикасының жаңа зымыран ұшыруына байланысты санкцияларды кеңейткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу