Қытай киім-кешегі қаптады: бір жылда импорт 4,4 есе өсті

663

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 22 пайызға артқан.

Қытай киім-кешегі қаптады: бір жылда импорт 4,4 есе өсті Фото: fastimport

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 10,7 млрд долларға жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 21,6%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Тауар айналымының басым бөлігін бір жылда 4,1%-ға қысқарған экспорт құрады: 4,9 млрд доллап. Қазақстаннан Қытайға экспорттың үлесі 15,4% болды.

Импорт 56,3%-ға өсті: 5,9 млрд доллар. Елдің импорт құрылымындағы Қытайдың үлесі 24,2%-ды құрады.

Қазақстаннан Қытайға кеткен экспорттың басым бөлігін битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрады: 1,3 млрд доллар.

Үштік қатарында тазартылған мыс пен өңделмеген мыс қорытпалары (676,6 млн доллар), сонымен қатар бейорганикалық химия өнімдері (388,3 млн доллар) құрады.

Өз кезегінде Қазақстан Қытайдан киім-кешек пен өзге де трикотаж бұйымдарын импорттады: 441 млн доллар, бір жылда 4,4 есе көп.

Бұдан бөлек Қытайдан телефондар, жеңіл көліктер, есептеу машиналары, моторлы көліктердің бөлшектері мен керек-жарақтары сатып алынған.

Маусым айында елімізде Қытайдың қатысуымен 2,1 мың компания жұмыс істеді (+37%).

Оның ішінде 750 кәсіпорын көтерме және бөлшек сауда секторында жұмыс істеді: жылдық өсім +40,4%.

Ең танымал салалардың бестігіне құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, ақпарат пен байланыс енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу