Қытай Қиыр Шығыстағы Ресеймен бірлескен жобаларға қатысуға дайын

499

Қытай Қиыр Шығыстағы Ресеймен бірлескен жобаларға қатысуға және басқа салаларды дамытуда өзара әрекет жасауға дайын екенін білдірді.

Қытай Қиыр Шығыстағы Ресеймен бірлескен жобаларға қатысуға дайын

Бұл туралы сәрсенбіде Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының (парламент) Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Қытай өз кезегінде белгілі бір жобаларға өзіндік үлесін қосуға, мысалы, ауруханалар құрылысына, білім беруге қатысуға дайын", – деді Қытай Парламентінің Спикері.

Оның айтуынша, Қытай Ресеймен Қиыр Шығыстағы жасыл энергетика және экология мәселелері бойынша, соның ішінде табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруда ынтымақтаса алады.

Қытай Парламентінің Төрағасы ҚХР мен Ресей басқа салаларда да серіктес екендерін еске салды.

Атап айтқанда, көлік инфрақұрылымы және ауыл шаруашылығы саласында.

"Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, бізде Қытайда бұл салада жақсы негіз бен база бар, ал Ресей ресурстарға бай", – деп толықтырды Ли Чжаньшу.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу