Қытай клубы Криштиану Роналдуды "сатып" алмақ

787

Қытай клубы Криштиану Роналдуды "сатып" алмақ

Әзірге жария болуды қаламайтын Қытайдың бір клубы "Реал" испан футбол клубына 200 миллион евроға шабуылдаушы Криштиану Роналдуны беруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Сонымен қатар, клуб 32 жастағы португалдыққа жылына 120 миллион евро төленіп отыруға келісімшарт жасауды ұсынды.

Дерек көзінің хабарлауынша, қытай клубының басшылығы келер аптада  "Реалдың" президенті Флорентино Переспен кездесу үшін Мадридке ұшады.

"Реалдың" өзі Криштиану Роналдуны 2009 жылы ағылшынның "Манчестер Юнайтедінен" сол уақытта рекордтық болып саналатын 80 миллион фунт стерлингке "сатып" алған болатын.
Келісім-шарт бойынша, Реал Мадрид клубы Роналдуға жылына 12 млн. еуро жалақы төлейді. 2012 жылы Диего Марадона Роналдуны "әлемдегі ең мықты футболшы" деп атады.

Роналду 2004 жылғы футболдан Еуропа чемпионатында ең үздік жас ойыншы деп атанған. 2006/07 ағылшын премьер-лигасының маусымында (маусымның ең үздік жас ойыншы), 2007/08 және 2008/09 (ең үздік ойыншы). 2006/07 маусымында "Манчестер Юнайтедпен" бірге чемпиондар Лигасының жартылай финалға дейін жетті, ал келесі маусымның финалында лондондық  "Челсиді" жеңді. 2008, 2011 және 2014 жылдары "Алтын бутсының" иегері. 2008 жылы клубтық еуропа футболында УЕФА версиясында ең үздік футболшысы және чемпиондар лигасының ең үздік ойыншысы ретінде атанды, "Алтын Допты" Еуропаның ең үздік футболшы ретінде және "Жылдың ФИФА ойыншысы" әлемнін ең үздік футболшы ретінде жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу