Қытай көлік эспорты бойынша Жапонияны басып озады – Financial Times

Қытайлық автоөндірушілердің экспорты негізінен Еуропа мен Азияның дамып келе жатқан нарықтарына бағытталған.

Қытай көлік эспорты бойынша Жапонияны басып озады – Financial Times Фото: inbusiness.kz

Қытай биыл Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушысы болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Financial Times-қа сілтеме жасап.

Қаңтар-шілде айларында Қытайдан автокөлік экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74% өсіп, 2,8 млн-ға жетті, оның 1,8 млн-ы бензин қозғалтқышы бар көліктер.

Өндіріс сұраныстан күрт асып түсетін отандық автомобиль өнеркәсібіндегі терең құрылымдық проблемалар жағдайында экспорт көлемі өсуде, деп жазады басылым.

Қытайлық автоөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі соңғы жылдары саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың, сондай-ақ жеке инвестициялардың арқасында өсті.

Қытай автомобиль экспорты бойынша 2021 жылы Оңтүстік Кореяны, 2022 жылы Германияны басып озды, ал биыл Жапонияны басып озады, деп хабарлайды Moody's.

Сарапшылар көрші ел алдағы жылдар бойы көлік экспорттаушы ретіндегі көшбасшылығын сақтап қалады деп күтеді.

Қытайлық автоөндірушілердің экспорты негізінен Еуропа мен Азияның дамып келе жатқан нарықтарына бағытталған. Биылғы жылы Ресей негізгі экспорттық бағыт болды, деп атап өтті FT.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу