ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасып, инвестициялық, өнеркәсіптік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды, сондай-ақ Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль жасау, жаңа және жоғары технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде практикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.
Сондай-ақ, Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастығының орнықты серпіні және ірі индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы қытай компанияларының айтарлықтай тәжірибесі атап өтілді. Өзара іс-қимыл Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде дамитыны және экономиканың серпінді салаларын ұзақмерзімді технологиялық дамытуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық компаниялардың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті жүзеге асыруға, өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи инженерлік шешімдерді локализациялау мен енгізуді тереңдетуге дайындығын растады.
Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамаларды кідіріссіз қолдауға және дамытуға, сондай-ақ оларды жүзеге асыруды үйлестіруге, барлық кезеңдерде жобаларды табысты орындау үшін жағдай жасауға дайын екендігін атап өтті.
Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту өнеркәсібі және автомобиль өндірісі саласындағы басым жобаларды сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру және практикалық пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.