Қытай компаниясы Ақтөбеде рентген аппараттарын құрастырады

1000

Қытай компаниясы Ақтөбеде рентген аппараттарын құрастырады

Қытайлық компания Ақтөбеде рентген аппараттарын құрастыруға ниетті. Ол үшін бірлескен кәсіпорын құру немесе "Ақтөбе" индустриялды аймағында жаңа зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытайлық Нук-тех ((Nuctech)) компаниясы президентінің орынбасары Ли Цзянмин облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуінде талқылағанын айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған жоба бойынша бірінші келіссөздер өткен жылы желтоқсанда Бейжіңде өтті. Ал таяуда қытайлық тарап, Қазақстанға келіп, өндірістік базамен танысып қайтты. Компания басшысының орынбасары Ли Цзянмин "егер жоба жүзеге асса "Нұрлы жол" бағдарламасы мен "Бір белдеу, бір жол"  бастамасының өзара сәтті үйлескенін көрсететін мысал болады дейді.

Жалпы Нук-тех ((Nuctech)) Қытайдың кеден, әуежай секілді салаларына қауіпсіздік техникаларын жеткізетін компания. Ол әлемнің 122 мемлекетінде жұмыс істейді. Ал Қазақстанмен 2004 жылдан бері әріптестік орнатқан.

"Бүгінде Қазақстанда шетелдік инвесторларға жақсы жағдай жасалған. Бізге жан-жақтан саяси әрі институционалдық қолдау көрсетіледі. Сондықтан бұл жоба сәтті жүзеге асып, Ресей мен Қырғызстан нарығына да тауар шығаруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - дейді "Nuctech" компаниясының вице-президенті Ван Вэйдун.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу