Қытай компаниясы Қазақстанда жылына 700 мың тонна астық өңдейтін зауыт салады

116

Қытайлық CITIC Construction Co.Ltd Қазақстанда астықты терең өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.    

Қытай компаниясы Қазақстанда жылына 700 мың тонна астық өңдейтін зауыт салады Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

CITIC Construction директорлар кеңесінің төрағасы Янь Цзяньцзян ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесуде жобаға шамамен 1,1 млрд доллар инвестиция салынатынын хабарлады. Кәсіпорынның қуаты жылына 700 мың тоннаға жуық астықты құрайды.

CITIC Construction директорлар кеңесінің төрағасы Янь Цзяньцзян ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесуде жобаға шамамен 1,1 млрд доллар инвестиция салынатынын хабарлады. Кәсіпорынның қуаты жылына 700 мың тоннаға жуық астықты құрайды.

"Біз барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге және инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар үшін өндірістерді салуға және жаңғыртуға 50%-ға дейінгі инвестициялық субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары бар екенін айтты", - министр Айдарбек Сапаров.

Янь Цзяньцзян өз кезегінде аграрлық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жоғары әлеуетін атап өтті.

"Қазақстанда өндірістерді орналастыру үшін барлық қажетті шикізат, инфрақұрылым бар. Біз ҚР аумағында арнайы экономикалық аймақтар мен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз. Сонымен қатар, қытайлық серіктестер мал шаруашылығы жобаларына қызығушылық танытуда", - деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша жобалардың егжей-тегжейін одан әрі пысықтау және нарықтық жағдайға талдау жүргізу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу