Қытай корпорациялары әлемнің түкпір-түкпірінен жер сатып алып жатыр

1401

Соңғы 10 жыл ішінде 6,5 миллион гектар жер Қытайдың меншігіне өтті, бұл Литва немесе Шри-Ланка сияқты мемлекеттердің аумағына пара-пар.

Қытай корпорациялары әлемнің түкпір-түкпірінен жер сатып алып жатыр

Қытай компаниялары Азия мен Африка құрлықтарынан жер сатып алуда. Соңғы 10 жыл ішінде сатып алған және жалға алған жердің жалпы ауданы Шри-Ланка немесе Литва сияқты мемлекеттердің аумағымен теңесіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz Nikkei Asia басылымына сілтеме жасап.

Басылымның есебі бойынша, Қытай бұл көрсеткіш бойынша Британия, АҚШ және Жапониядан басып озды. Қытай бизнесі шоғырланған жер банкінің басым бөлігі орман шаруашылығымен байланысты. Land Matrix мәліметі бойынша, Қытай компаниялары 2011 және 2020 жылдары аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен 6,48 миллион гектар жерді бақылауға алды. Бұл жерлер ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына, сондай-ақ тау-кен өндірісіне арналған. Британияның иелігінде 1,56 миллион гектар, АҚШ-та – 860 мың және Жапонияда – 420 мың гектар жер.

Қытай кәсіпорындары ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін шетелден жер учаскелерін сатып алуда. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу