Қытай Көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтынын алды

1118

Әзірше Қытай командасының қоржынына 5 медаль – 1 алтын, 4 қола түсіп, медальдар кестесінде 12-орынға табан тіреді.

Қытай Көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтынын алды Фото: Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қытай құрамасы жарыстың үш түрінен 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қытайлық сұрмерген Teri Gun жамбы ату жарысынан алтын жүлде алса, Hang Gai кураштан ерлер арасында 66 келі салмақ бойынша сынға түсіп, қола жүлде иеленді. Бұдан өзге, қытайлық спортшылар алыш спортынан үш қола медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу