Қытай криптовалюта айналымына қайта рұқсат беруі мүмкін

971

Қытай криптовалюта айналымына қайта рұқсат беруі мүмкін

Қытайдың Синьхуа агенттігінің мәліметінше, ел үкіметі алдағы бірнеше айда криптовалюта айналымына қайта рұқсат беруі мүмкін, деп хабарлайды naryk.kz. 

Өйткені, осыдан бірнеше апта бұрын криптовалютаға шектеу қойғаннан кейін Қытай үкіметі осы валюта айналымын бақылаудан шығарып алған. Естеріңізге сала кетейік, сол кезде криптовалюта құны 5 мың доллардан 3 мың долларға дейін құлдыраған еді.

Синьхуа басылымының хабарлауынша, Қытай үкіметі қазір криптовалюта нарығындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Елдің көлеңкелі экономикасында криптовалюта кеңінен тарап отырғандықтан Қытай билігі аталған нарықты реттейтін заңнама қабылдап қайтадан бақылауға алуға мүдделі.

Қытай үкіметі тыйым салып тастағаннан кейін криптовалюта нарығы Қытайдан Оңтүстік Корея мен Жапония секілді елдерге қарай ығыса бастаған. Кейінірек Қытай үкіметі криптовалюта саудасының 11 сауда алаңына ресми лицензия беріп, қытайлық трейдерлерге жағдайды барынша жеңілдеткен. Нәтижесінде биткойн бағасы 4 мың долларға дейін қайта өсті.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, қазіргі таңда Қытай үкіметі криптовалюта саудасына есеп пен лицензия беру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу