Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан бағыты бойынша алғашқы құрам жолға шықты

548

Дүйсенбіде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан жаңа көлік дәлізімен алғашқы жүк пойызы жолға шықты. 

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан бағыты бойынша алғашқы құрам жолға шықты

Бұл туралы бүгін, 20 қыркүйекте "Ферғана" АА "Узбекистон темир йуллари" (Өзбекстан темір жолы) ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  inbusiness.kz хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мультимодальдық дәліз бойынша жүк тасымалдау Қашғар (Қытай) теміржол станциясынан Ош (Қырғызстан) теміржол станциясына дейін автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Одан әрі Мазари-Шариф станциясына дейін (Ауғанстан) Өзбекстан арқылы теміржолмен жүреді.

Бірінші пойыздың құрамына азық-түлік, тұрмыстық техника мен халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін өнімдер тиелген он екі 40 футтық контейнер кіреді.

"Есептеулер бойынша, Ауғанстан бағытында ғана осы мультимодальдық бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі жылына шамамен 4 мыңнан астам контейнерді құрайтын болады", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзбекстан аумағы арқылы жүк тасымалдауға 70%, мультимодальді дәліздің басқа елдерінің аумағы бойынша 50% жеңілдік жасалады.

Осы жылдың маусым айында Пәкістаннан Өзбекстанға Ауғанстан арқылы автомобиль жүк дәлізі де жұмыс істей бастады. Ұзындығы 2 760 шақырым маршрут Карачи портынан Пешавар, Кабул, Мазари-Шариф және Термез арқылы Ташкентке өтеді.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу