"Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жолы салынады

677

Самарқандта (Өзбекстан) ШЫҰ саммиті аясында Қырғызстан жерінде "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" теміржол құрылысы жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі хабарлады.

"Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жолы салынады

Құжатта "Торугарт-Арпа-Макмал-Жалал-Абад" маршрутының аралас нұсқасы бойынша темір жол құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін сәтті аяқтауға бірлесіп жәрдемдесу көзделген.

Техникалық-экономикалық негіздемені жүргізумен Қытай темір жол корпорациясының бірінші жобалау-іздестіру институты айналысады, оған тараптар өз қолдауын көрсетеді. Бағалау жүргізу уақытын қоса алғанда, ТЭН бойынша барлық жұмыстардың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 1 маусымына дейін деп бекітілген.

Тараптар ТЭН шығыстарын қаржыландыруға үш жақты келісім арқылы тең үлестермен бөлуге ниетті.

Жаңа жол торабы Еуразияның құрлықтық көпірінің оңтүстік тармағына айналып, Оңтүстік-Шығыс, Батыс Азия және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына жол ашады. Бұл бағыт Қытайдан Қырғызстанға, сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне, оның ішінде Түркияға және одан әрі Еуроодаққа жүктерді жеткізуді қамтамасыз ете алады.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу