"Қытай лагерлеріндегі мәселені ешкім жасырып отырған жоқ"

995

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповке бейбіт жиын өткізіп, өз талабын айтқан азаматтар неге ұсталатыны туралы сұрақ қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қытай лагерлеріндегі мәселені ешкім жасырып отырған жоқ"

"Туыстары Қытайдағы лагерлерде тұтқында жатқан азаматтар Алматы мен астанада Қытай консулымен кездесу туралы талап қойды. Олар бейбіт түрде жиналып, өз талаптарын қойған, ештеңені бүлдірмеген және ешкімді заңбұзушылыққа шақырмаған. Алайда оларды құқық қорғау органдарының өкілдері ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл еркін азаматтық қоғамның дамуына кедергі келтіреді деп есептейсіз ба?" – деп сұрады Азаттық радиосының тілшісі.

Вице-миннистр олай есептемейтінін айтты.

"Өйткені бізде заң бар, тәртіп бар. Олар бұзылған жағдайда тиісті органдар тарапынан заңға сай реакция болады. Барлық елде, соның ішінде демократиялық елдерде осындай тәжірибе қолданылады. Сіз айтқан Қытай лагерлеріндегі тұтқындарға қатысты мәселе халықаралық талқылауларға арқау болып келеді. Құқық қорғау органдары да одан тыс қалып жатқан жоқ. Мәселені ешкім жасырып отырған жоқ. Тиісті қорытынды шығарылады", – деді Болат Тілепов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу