Қытай маманы коронавирусқа қарсы жақсы нәтиже көрсеткен дәрілерді атады

3148

"37 күндік ем өте сирек жағдайда қолданылып жатыр".

Қытай маманы коронавирусқа қарсы жақсы нәтиже көрсеткен дәрілерді атады

Шыңжан Автономиялық Республикасынан келген жұқпалы аурулар дәрігері Лу Сяобо Қытайда коронавирусқа қарсы жақсы нәтиже көрсеткен дәрілерді атады. 

"Қазір бірнеше дәрі бар. Бұл – хлоронофид және екіншісі "лукуей" деген дәрі. Осы екі дәрі жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Бүгінде басқа да дәрі-дәрмектерге клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Ал Шыңжан Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь әзірге індетке нақты екпе табылмағанын айтты. 

"Екпелерге келсек, түр-түрі жасалып, зерттеліп жатыр. Ал 37 күндік инкубация туралы айтсақ, ондай жағдайлар сирек. Негізінен инкубациялық кезең 14 күннен аспайды. Ал 37 күнге дейін созылу өте сирек кездеседі", – деді маман.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу