Қытай мемлекеті Израиль-Палестина қақтығысын шешу жоспарын ұсынды

381

Бірінші кезектегі іс-қимылдардың ішінде Бейжің соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға және бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырады. 

Қытай мемлекеті Израиль-Палестина қақтығысын шешу жоспарын ұсынды Фото: pixabay.com

Бейжің жағдайдан шығудың жолын "Екі халық үшін екі мемлекет" жоспарына қайта оралу деп санайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚХР-ның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 1967 жылдан бері астанасы Шығыс Иерусалим болатын шекараларға негізделген тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылуы қажет.

Сондай-ақ, Қытай тарапы "екі мемлекет туралы шешімді" қайта бастау үшін жол картасы мен жоспары тұжырымдалатын неғұрлым беделді, ауқымды және тиімді халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу