Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы Үндістанға тиімді

915

Нью-Дели америкалық 324 компанияға жеңілдіктер ұсынбақшы. 

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы Үндістанға тиімді

Ондағы ойы – Қытайдағы ірі өндірушілерді өз жағына тарту. Осылайша Үндістан Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресін ұтымды пайдаланып қалғысы келеді.  

Үкімет өндірушілерді зауыттар салу үшін жер учаскелерімен, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Осындай жолмен Eli Lilly & Co., оңтүстіккореялық Hanwha Chemical. және тайваньдық Hon Hai Precision Industry компанияларын елге әкелмек. 
Айта кететін жайт, сауда соғысы кесірінен көптеген компаниялар бұған дейін Малайзия мен Вьетнам елдеріне көшкен еді. Бірақ Үндістанда жер сатып алу ережелері мен еңбек заңы қатаң болғандықтан, олар көбіне аталған екі елді таңдап келді. 

Үндістан билігінің ережелерді жеңілдетуінің негізгі себебі –  экономикалық көрсеткіштердің төмендеп кетуі. Мемлекет 2025 жылға қарай премьер-министр Нарендра Модидің ЖІӨ-ді $5 трлн долларға дейін көтеру туралы жоспарын жүзеге асырмақшы. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу