Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс өршуде

684

17 маусымда Дональд Трамп ұйғырларға қысым көрсеткен қытайлық лауазымды тұлғаларға санкция жариялауға мүмкінідік беретін заң жобасына қол қойды.

Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс өршуде

Бейжің болса, Вашингтонның Шыңжаңдағы ұйғырларға байланысты жариялаған санкциясына наразылығын білдірді. АҚШ аймақтағы осы ұлт өкілдерін Қытай билігі қысым көрсетіп жатыр деп есептейді. 

"Бұл заң жобасы халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұзып отыр, бұл Қытайдың ішкі істеріне араласу болып саналады. Осы орайда Қытай билігі мен халқы Вашингтонның бұл қадамына наразылығын білдіреді", – деп жазылған ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, 17 маусымда Дональд Трамп Шыңжаңдағы ұйғырлар мен де басқа да мұсылмандарға қысым көрсеткен қытайлық лауазымды тұлғаларға санкция жариялауға мүмкінідік беретін заң жобасына қол қойды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу