Өткен жылдың шілде және қыркүйек айында Вашингтон мен Бейжің өзара кеден салығын салған болатын. Енді құрама штаттар саммит қарсаңында қытайлық тауарларға қосымша салық салмайды. Дегенмен, уақытша ымыраның қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Кейбір сарапшылар 6 айға дейін созылуы мүмкін деп топшылап отыр.
Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, 2020 жылға дейін АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан әлем экономикасының көлемі 0,5 пайызға қысқаруы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу