Қытай мен АҚШ қайтадан келіссөз жүргізуге кірісті

789

Екі ел арасындағы сауда соғысына нүкте қойылар емес.

Қытай мен АҚШ қайтадан келіссөз жүргізуге кірісті

Америкалық делегация жетекшілері, сауда өкілі Роберт Лайтхайзер  мен қаржы министрі Стивен Мнучин ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ және коммерция министрі Чжун Шанмен телефон арқылы тілдесті. Олар қалыптасқан тәртіп бойынша бұрынғы келісімдерді жаңалайды, деп хабарлайды Atameken Business..

Естеріңізге сала кетейін, былтыр шілде және қыркүйек айында тараптар біраз тауардың баж салығын арттырып жіберген еді. Кейін Аргентинада кездескен екі ел жетекшісі ымыраға келгендей болған. Алайда америкалықтар Қытайдың технологиялық компаниясына қарсы қысымды күшейткен соң, Бейжіңдегі билік райынан қайтты. Мәселе сауда тапшылығына қатысты болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу