Қытай мен АҚШ сауда келісімінің жаңа раунды басталады

787

Тараптар осы жолы баж салығын азайту мәселесін реттеуі керек

Қытай мен АҚШ сауда келісімінің жаңа раунды басталады

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келісімінің жаңа раунды 29-31 шілде аралығында Шанхай қаласында басталады. Блумберг ақпарат агенттігі осындай хабар таратып отыр.

АҚШ делегациясын қаржы министрі Стивен Мнучин бастап келеді. Олар Қытайдың вице-премьері Лю Хэмен кездесуге тиіс. Тараптар осы жолы баж салығын азайту мәселесін реттеуі керек. Себебі соңғы рет америкалықтар Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын импортының тарифын 10-нан 25 пайызға дейін көтеріп жіберген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу