Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысы Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін

982

Халықаралық S&P Global Ratings агенттігі Қазақстан экономикасына болжам жасады.

Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысы Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін

Халықаралық S&P Global Ratings агенттігінің жетекші сарапшысы Макс Макгроу Қазақстанға қатысты болжамдарды атады. Ұйымның болжауынша, жыл соңында елдегі жалпы ішкі өнім 4%-ке өседі. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 3,8%-ке түсуі мүмкін. 

"Биылғы өсім біз болжағаннан сәл жоғары болды. Сондықтан 4% деп белгіледік. Яғни елдің Үкіметі болжаған көрсеткіш сақталды. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда және технологиялық шиеленіс, соның салдарынан туындаған саяси түсініксіздіктер инвесторларға түсетін қысымды арттырды. Олар инвестиция көлемін қысқартуға мәжбүр", – дейді Макс Макгроу. 

Халықаралық агенттік мұнай бағасының құбылуы Қазақстанды базалық мөлшерлеме көлемін 9,25%-ке көтеруге мәжбүр еткенін атаған.  Қазақстан белгілеген мөлшерлеме дамушы елдер арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр. 

"Біздің базалық сценарий бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,8% болуға тиіс. Экономикалық өсімге банк секторындағы проблемалар, экономиканың әртараптанабағандығы, қаржылық ағымдардың нашарлауы кедергі болады. Жаһандық сауда ағымындағы шиеленістер дамушы елдерге келетін инвестицияның арнасын тарылтуы мүмкін", – делінген ұйымның болжауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу