Қытай мен АҚШ саудадағы үйлесім туралы келісімге келді. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері мен энергияны экспорттау және зияткерлік меншікті қорғау саласында ынтымақтастық орнататын болады, деп хабарлайды 24. kz.
Келіссөздер 17-18 мамырда Вашингтон қаласында өтті.
Қытай Халық Республикасы Құрама Штаттармен алыс-берісті ұлғайта түсуді жоспарлап отыр. Ал АҚШ Қытайға бұл келісімді жан-жақты пысықтау үшін арнайы делегация жібереді.
Айта кетейік, бұған дейін қытайлық делегация Вашингтонда болып, жәй-жапсарды ақылдасты. Әрі Ақ үй басшысы Дональд Трампқа екі ел арасындағы сауда-саттық тапшылығын қысқартуға бағытталған шараларды ұсынған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу