Қытай мен Еуропа арасындағы жүк ағынының 8 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

950

Қытай мен Еуропа арасындағы жүк ағынының 8 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

"Самұрық-Қазына" АҚ басшылары Гонконгте өткен Қазақстан инвестор күнінде әлеуетті инвесторларды Қазақстандағы және қордың қоржындық компанияларындағы инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Дүниежүзілік банктің және Халықаралық қаржы корының Doing Business 2017 халықаралық рейтингісіне сәйкес біздің еліміз бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша жалпы рейтингте 35-ші орынды иеленді, ал "Миноритарлық инвесторларды қорғау" көрсеткіші бойынша 3-ші орынға лайықталды.  Шетел инвестицияларының тұрақты ағыны – Қазақстанға халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары деңгейдегі қызығушылықтың айғағы. Соңғы 10 жылда ел экономикасына құйылған шетел инвестицияларының таза ағыны 200 млрд АҚШ долларынан асып жығылса, 2016 жылы инвестицияның көлемі 14 млрд АҚШ долларынан артты", - деп атап өтті ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытайдың ең ірі сауда серіктестерінің бірі. 1993 жылдан бастап Қазақстанға Қытайдан тартылған тікелей инвестициялардың көлемі 40 млрд АҚШ долларын құрады. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің құрылысы бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру арқылы Қытай және Еуропа мемлекеттері арасындағы жүк ағынының 8% жуығы 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу