Қытай мен Филиппин кемелері Оңтүстік Қытай теңізінде соқтығысты. Бұл туралы Қытайдың жағалау күзеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚХР жағалау күзетінің өкілі Гэн Юн филиппиндік кеме "Филиппиннің жағалау күзетінің кемелері Қытай үкіметінің рұқсатынсыз Наньша аралдарындағы Сяньбин рифіндегі суларға заңсыз кіргеннен кейін" қытайлық кемемен "әдейі соқтығысқанын" айтты. Сөзінше, "Қытайдың жағалау күзеті заңға сәйкес Филиппин кемелерімен күресу шараларын қабылдады". Гэн филиппиндіктерді арандату әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
Филиппин тарапы қытайлық кемелермен соқтығысу кезінде екі кемеге зақым келгенін жеткізді. Филиппин қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джонатан Малайяның сөзінше, елдің Оңтүстік Қытай теңізіндегі өз құқығын қорғау бойынша әрекеті арандатуға жатпайды.