Қытай мен Франция тәуелсіз Палестина құруды жақтап отыр

348

Қытай мен Франция 1967 жылғы шекара шеңберінде тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдап отыр. 

Қытай мен Франция тәуелсіз Палестина құруды жақтап отыр Фото: img3.eadaily.com

Парижде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Франция президенті Эммануэль Макрон тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қытайдың Орталық теледидары ақпаратына сілтеме жасап.

"Екі мемлекет басшылары 1967 жылғы шекара шеңберінде өміршең, тәуелсіз әрі егемен Палестина мемлекетін құруға шақырды", — делінген телеарнаның келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдемесінде.

Си Цзиньпин Пэн Лиюань есімді жұбайымен бірге жексенбіде Парижге мемлекеттік сапармен келді. Әрі қарай, Қытай көшбасшысы Сербия мен Венгрияға баруда жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу