Қытай мен Гонконгтың қор индекстері өсуде

Ал Азияның басқа қор нарықтары төмендеуде.  

Қытай мен Гонконгтың қор индекстері өсуде Фото: www.epravda.com.ua

22 қыркүйек күнгі сауда барысында материктік Қытай мен Гонконгтағы қор индекстері өсуде, ал басқа азиялық нарықтар төмендеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Инвесторлар Жапония банкі отырысының нәтижелерін және статистиканы бағамдайтыны анық.
Жапон Орталық банкі ақша-несие саясатының негізгі параметрлерін өзгеріссіз қалдырды. Коммерциялық банктердің Орталық банктегі депозиттері бойынша қысқа мерзімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық -0,1% деңгейінде сақталды, он жылдық мемлекеттік облигациялар бойынша мақсатты кірістілік нөлге жақын болды. Жапония банкі сондай-ақ он жылдық мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі ауытқуы мүмкін диапазонды - плюс/минус жылдық 0,5% -ды сақтап қалды.

Орталық банк мәлімдемесінде инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге әлі қол жеткізілмегенін, сондықтан монетарлық ынталандыру шаралары жалғасатынын атап өтті.

Жапондық Nikkei 225 индексінің құны 0,4%-ға төмендеді. Осы аптаның басынан бері ол шамамен 4% жоғалтты, бұл өткен жылдың желтоқсан айынан бері апта сайынғы ең үлкен құлдырау, деп хабарлайды Trading Economics.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу