Қытай мен Грузия еркін сауда жасау туралы келісті

895

Қытай мен Грузия еркін сауда жасау туралы келісті

Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария мен ҚХР-дың коммерция министрі Чжун Шань сенбі күні Бейжіңде екі ел арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойды, деп жазады РБК.

Шарт бойынша грузин өнімдері мен қызметтерінің 94 пайызы  қытай нарығына кедендік баж салығынсыз, нөлдік тарифпен экспортталатын болады. Грузия Қытаймен еркін сауда туралы келісім жасасқан алғашқы ел болып отыр, деп атап көрсетеді грузиялық Imedinews басылымы.

Грузияның экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакстың" хабарлауынша, негізінен шарап, спирттік  және алкогольсіз ішімдіктер, шай, жаңғақтар, бал, көкөніс және жеміс, сондай-ақ азот және минералды тыңайтқыштар, пластмасса бұйымдары мен басқа да өнімдерді тасымалдау сөз болған.

Басылымның мәліметі бойынша, келіссөздер "өте қысқа уақытта" тәмамдалған. Келісім 2017 жылдың орта шенінде күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу