Қытай мен Қазақстан арасындағы құқықтық көмек шартына өзгерістер енгізіледі

555

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған. 

Қытай мен Қазақстан арасындағы құқықтық көмек шартына өзгерістер енгізіледі Фото: CFP

Құжатта 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау көзделген, деп жазады Inbusiness.kz.

"2023 жылы 17 мамырда Сианьда жасалған 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын", - делінген құжатта.

Яғни жоба қабылданған жағдайда шарттағы өзгерістер өз күшіне 17 мамырда енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу