Inbusiness.kz тілшісі осы орайда "Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?!" деген сұрақты еске салады.
2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында ресми ақпарат бойынша Қытайдан – 1451, Моңғолиядан 1088 адам қазақ топырағына келген. Бұл статистикалық мәлімет 2023 жылмен салыстырғанда үш есе артық.
Биыл Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. Десе де, 2020 жылы, пандемия уақытында Қазақстанға көшкендер саны небәрі 9 адамға ғана аз болған. Тиісінше, Моңғолияға қатысты мәлімет өзгеше өрбейді. Өйткені, мұндай жоғары нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмепті.
Қытай мен Моңғолиядан қоныс аударғандардың көбі – этникалық қазақтар (98% және 99%).
ҚХР-дан келген қазақтардың тең жартысы Астана мен Алматы қалаларына орналасқан. Сонымен қатар, ел шекарасынан өткендердің біразы Алматы облысына тұрақтаған.
Ал Моңғолиядан оралғандар Ақмола (33%), Астана (23%) мен Алматы (13%) облыстарына қоныстанған.